2021 жылдың 4 қарашасында «Белсенді сабақтағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті» тақырыбында ЭМН мұғалімдерінің кездесуі өтті.
Кездесу барысында мұғалімдер жұптық жұмыс жасап, оқыту мен оқудағы әдіс-тәсілдерді талқылады. Белсенді сабақта мұғалім мен оқушының іс-әрекетін талқылағаннан кейін SWOT талдауын өткізу ұсынылды, оның барысында белсенді оқытудың күшті және әлсіз жақтары, ықтимал тәуекелдер талқыланды.