Ағымдағы жылдың 20-25 ақпан аралығында «Больше-Чураков жалпы білім беретін мектебі»КММ-сінде «Тіл балығы –ел байлығы» атты қазақ және ағылшын тілдері апталығы өтті.
Мақсаты: ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың логикалық ойлауы мен ауызша сөйлеуін дамыту, пәнге қызығушылығы мен құрметін арттыру. Апталық салтанатты жиынмен ашылып, жоспары мен іс –шаралары таныстырылды. Мектеп оқушылары бірлесе «Қара жорға» биін биледі. Оқушылар қоңырау арасында «Тәтті тапсырмалар» орындап, сыйлықтарын алды. Жоспар бойынша ашық сабақтар ұйымдастырылды.
1-11 сыныптар арасында «Мен блогермін» атты бейнебайқау жарияланып, мектептің инстаграм желісінде лайк жинау арқылы байқау өтті. 5 бейнебаян қатысып, 2 «Б» сынып оқушылары Зайцева Екатерина мен Павлюк Алена «Үздік блогер» атағын иеленді. Жоғары сыныптар арасында «Сөз байлығы» атты байқау жарияланып, белсенді оқушылар еленді.
5-6 сынып оқушылары арасында лингвистикалық ойынға арналған "Improve your English" тақырыбында үлкен қызығушылықпен викторина өтті, оқушылар сыныптар бойынша командаларға бөлінді, олардың әрқайсысы уақыт бойынша тапсырмаларды орындады. 6-11 сыныптар арасында «What’s in the box?» атты челлендж ұйымдастырылды. Оқушылар көңілді әрі танымды іс-шараға белсенді қатысты.
Апталық қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар салтанатты жиында марапатталды.