Бүгін, 28 қаңтарда біздің мектепке кәсіби бағдар беру жұмысымен Алтынсарин ауданының Силантьевка ауылындағы № 14 өрт сөндіру бөлімінің орынбасары азаматтық қорғау аға лейтенанты Руслан Азаматұлы Асқаров және Алтынсарин ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Жаслан Айтпайұлы Мұхамбетов келді. Олар мектеп түлектері үшін Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына оқуға қалай түсуге болатыны туралы әңгіме өткізді.
Балалар академияға қабылдау ережелерімен буклеттер алды, қабылдау комиссиясының жұмыс мерзімдерімен, оқыту шарттарымен танысты. Академияға түсушілер үшін басты шарттар мыналар болып табылады: ҰБТ және дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру. Академияға қабылдау медициналық,физикалық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі.