Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Больше-Чураков жалпы білім беретін мектебінде "Counter-Strike 1.6" киберспорт пәні бойынша 5-11 сынып оқушылары арасында мектеп турнирі өтті.
Турнирдің мақсаттары:
* ақпараттық технологияларды насихаттау;
* командалық іс-қимыл, өзара көмек, төтенше жағдайларда жылдам бағдарлау дағдыларын дамыту;
* логикалық ойлау мен реакцияны дамыту;
* мүдделер бойынша жастар бірлестігі;
* жеңіске деген ерік-жігерді дамыту.
Жарыстың негізгі міндеттері:
- оқушылардың танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, оларды эспорт саласындағы командалық қызметке тарту;
- командалық өзара әрекеттесу дағдыларын, стратегиялық ойлауды, реакция жылдамдығын дамыту.
Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды 9-сынып командасы, 2 орынды 7-сынып командасы, 3 орынды 8-сынып командасы иеленді.