Жаңа оқу жылының алғашқы аптасы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған апталықпен басталды.
Мектепішілік кітапханада шығармаларын таныстыратын көрме ұйымдастырылып, әр сыныптарда "Ахмет Байтұрсынұлы —адамдық пен білім диқаншысы" атты сынып сағаттарымен жалғасты. Бастауыш сыныптарда мысал өлеңдеріне орай салынған сурет байқауы өтті, ал орта буындарда мысал өлеңдеріне көріністер қойылды. Жоғары сыныптарда шығармалары оқылып, "Ахмет Байтұрсынұлы —қазақ даласының ұлы баласы" атты эссе байқауы ұйымдастырылды.
Туған халқына бар ғұмырын арнаған ойшыл ақын, қоғам қайраткері әрі ғалымның мол мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу —бүгінгінің парызы.
https://youtube.com/shorts/ENinC6iS8Ns?feature=share