Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Алтынсарин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы және Қазақстан халқының тілдері күніне орай "Ахмет Байтұрсынұлы және тіл тағылымы" атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары Ә.С.Сарин, Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.О.Иманова және тіл жанашырлары қатысты.
Дөңгелек үстелге мектебіміздің атынан басшының оқу ісі бойынша орынбасары Г.М.Каналина қатысып, мектебіміздегі мерейтойға арналған іс-шаралар жайымен таныстырып, мерекеге орай алғыс хатпен марапатталды.